Атырау, 28 маусым 21:03
 снегВ Атырау +24.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Мектепке барған кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды

3 964 рет қаралды

Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді", - деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық.

Онымен бірге 12 бала оқыды. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.

23 қыркүйек 2020, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.