Атырау, 19 наурыз 14:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Қазақстандықтар қай елдерге бара алады

2 999 просмотра

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың шетелге шығу мүмкіндіктері немесе шет елдердің тарапынан қойылған шектеулер туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде қазақстандықтар 11 елге бара алады. Коронавирус жағдайына байланысты түрлі талап қойылған: ПТР-тест керек немесе карантинге жатқызылады.

Беларусь Республикасы

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес; - 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;

Біріккен Араб Әмірліктері

- Дубай әуежайы ашық;

- БАӘ-не баратын жолаушылардың КВИ COVID-19 анықтамасы (мерзімі 96 сағат) болған жағдайда ғана олар ұшаққа отырғызылады;

- Дубай әуежайында жолаушылар медициналық декларацияны толтырады және қайта тест тапсырады (12 жасқа толмаған балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тест тапсырудан босатылады). Оң нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту қажет;

- халықаралық сақтандыру полисі болуы қажет;

- 30 күннен аспайтын кері қайту ұшақ билеті және қоңақ үйдің брондалғанын растайтын құжат болу қажет;

- міндетті түрде қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетпердені кию қажет (айыппүл – 1 000,00 дирхам (274,00 АҚШ доллары.); транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (егер рейстің уақыты 96 сағаттан асатын болса, ел аумағына кіруге болады).

Германия Федератив Республикасы

Белгісіз мерзімге дейін ел аумағына кіруге шектеу орнатылды.

- Әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;

- 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;

- транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат, елге кіруге болмайды).

Германия визасы тек келесі санатқа жататын Қазақстан азаматтарына беріледі:

- медициналық персоналға;

- жүктерді тасымалдау саласындағы және басқа да қажетті бағыттардағы көлік компанияларының қызметкерлеріне (мысалы, әуекеменің экипаж мүшелеріне);

- ресми сапар мақсатымен баратын дипломаттарға, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне;

- шұғыл отбасылық жағдаймен баратын тұлғаларға;

- халықаралық қорғау немесе өзге гуманитарлық себептермен баруға мұқтаж адамдарға;

- отбасы бірігу үшін баратын адамдарға;

- нақты жұмыс ұсынысы бар мамандарға;

- ғылыми қызметпен айналысатын зерттеушілерге;

- IT-мамандарына;

- қоғамдық маңыздылығы бар ерекше жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;

- студенттерге; оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне.

Мысыр Араб Республикасы

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 теріс нәтижесі бар анықтама қажет; - қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қоңақ үйлерде бетперде кию қажет.

Нидерланд Корольдігі

Белгісіз мерзімге дейін елге кіруге шектеулер орнатылды

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;

- 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;

- транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат);

- рейске отырар кезде денсаулық туралы декларацияны толтыру керек;

-  қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қаласының кейбір жерлерінде бетперде тағып жүру міндетті (бетперде кимегені үшін 95,00 еуро айыппұл салынады); барлық қоғамдық орындарда 1,5 м арақашықтық сақтау қажет (аталған талапты бұзғаны үшін 390,00 еуро айыппұл салынады).

Корея Республикасы

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат). Сондай-ақ, анықтама Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігімен танылған медмекемелер мен клиникалардан ғана алынуы тиіс;

- тиісті түрде электрондық бақылау мен арнайы қоңақ үйде 14 күн карантинде оқшаулаудан өту керек (бағасы: 1 күн – 120-150 АҚШ доллары);

- келушілер 3 күннің ішінде COVID-19 індетіне қатысты тест тапсыру керек; транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат).

Қырғызстан

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;

- тек паспорт арқылы;

- 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;

Өзбекстан

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес; - тек паспорт арқылы.

Ресей Федерациясы

- әуежайлар 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап ашық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет;

- аптасына 2 рет Нұр-Султан – Мәскеу бағытымен рейстер ұшады;

- тек қана әуеқатынасқа қатысты шектеулер жоқ, алайда құрлықтағы бақылау бекеттері арқылы өтуге шектеулер сақталады.

Түркия Республикасы

- әуежайлар ашық;

- КВИ COVID анықтамасы қажет емес;

- ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы қажет;

  • барлық жолаушы терминал мен ұшақтарда бетперде киюі міндетті. Бетперде кимеген жолаушылар терминал мен ұшаққа жіберілмейді және 123,00 АҚШ доллар айыппұл салынуы мүмкін; терминалға кіре берісте жылу камераларымен жолаушылардың дене қызуы өлшенеді.
  • Егер дене қызуы 37,8 градустан жоғары болса немесе КВИ COVID-19 белгілері байқалса, арнайы медорталықтарда тест жасату міндетті. Барлық халықаралық әуежейларда арнайы "Тест орталықтары" бар және тест тегін жасалады. Тест нәтижелері 1-3 сағатта шығады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Ауруханада жасалған бақылау қорытындысы бойынша жолаушы ауруханаға жатқызылады. Егер де «ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, оқшаулау жеткілікті (14 күн)» деген қорытынды айтылса, жолаушы өзі тұратын қонақ үйге немесе үйіне бара алады. Жолаушылар қонақ үйлерде науқастар үшін арнайы дайындалған оқшаулау бөлмелерде емделуін жалғастыра алады.

Украина

2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін елге кіруге шектеулер орнатылды.

- әуежайлар жабық;

- КВИ COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат) немесе жолаушы әуежайда тест тапсырады;

- 14 күндік карантин қарастырылған;

- ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы міндетті. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компаниядан немесе ел аумағында өкілдігі бар халықаралық сақтандыру компаниясынан алу керек;

- қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында бетпердені кию қажет;

- өзімен бірге жеке басын куәландыратын төлқұжат (паспорт) алып жүру керек; транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат).

Сыртқы істер министрлігі ақпарат жаңартылып отыратынын ескертті. 

23 қыркүйек 2020, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.