Атырау, 25 сәуір 04:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Головкин Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды

2 315 просмотра

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп жатқан Данэлия Төлешоваға қолдау білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы боксшы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Данэлия Төлешова қандай талантты! Біз сені мақтан тұтамыз! Дауыс беріп қолдайық!", - деп жазды Головкин.

Еске салайық, бүгін қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Финалға 10 әртіс қатысты, оның алтауы - түрлі жастағы әншілер. Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.

23 қыркүйек 2020, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.