Атырау, 29 наурыз 17:21
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына ренішін айтты

3 902 просмотра

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының басшылығына ренішін жеткізді. Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші өнердегі аға буынның арасында Алматыдан аядай мекен таппай жүрген кісілердің бар екенін жазды, деп хабарлайды sputnik Қазақстан.

"Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Алматыда аға буынды ардақтайтын басшының жоқ екенін айтты.

"Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?", - деді ол.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қыркүйегінде Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде әнші Бақытжан Сағынтаевтың жанында жүріп игі істерге куә болғанын, мәдениет саласында оң өзгерістер болып жатқанын жазған еді.

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дейді қазақ. Бақытжан Әбдірұлы қала әкімі болғалы Алматының тамырына қан жүгіре бастады. Қасында жүріп біраз игі шаралардың куәсі болдым. Аз уақыттың ішінде мыңға жуық пәтердің кілті табысталып, мәдениет саласында да оң өзгерістер болып жатыр", - деп жазды Бесбаев.

23 қыркүйек 2020, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.