Атырау, 19 сәуір 12:29
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Шикі ет жеген баланың видеосы. ІІМ ата-анасын іздестіріп жатыр

3 711 просмотра

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері шикі ет жеген баланың видеосын зерттеді. Қазір мамандар баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал әзірге оларды ішкі істер министрлігі іздестіріп жатыр.

"Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек.
Сонымен қатар, олар балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын есте ұстағаны жөн", – деді БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
22 қыркүйек 2020, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.