Атырау, 25 сәуір 13:20
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Министр бидайды сатып алу бағасы қанша теңге болатынын айтты

2 729 просмотра

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың сапасына қарай сатып алу бағасын белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "Азық -түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бидайды сатып алу бағасын сапасына қарай 83-87 мың теңге аралығында, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады", – деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында.

Айтуынша, форвардтық мәмілелер бойынша күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағасы дақылды жинау аяқталғаннан кейін белгіленеді.

Министр сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жағы да ескерілгенін атап өтті.

Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінішімен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық мәмілелер бойынша сатып алуды жүзеге асырды. Оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 миллиард теңге бөлінді.

Айта кетейік, бүгінге дейін 516 мың тонна өнім сатып алуға келісімшарт жасалды.

22 қыркүйек 2020, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.