Атырау, 25 сәуір 04:35
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ШҚО-да тойға келген қонақтар терезеден секіріп қашты - видео

Бейнежазба
3 324 просмотра

Өскеменде тексерушілер той өткізіп жатқан мейрамхананы анықтаған. Алайда олар бір қонақтың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенше ішке кіре алмапты. Осы сәтте даяшылар дастарханды жинап үлгерген. 30 шақты адам есіктен шығып, басқалары терезеден секіріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ yk-news порталына сілтеме жасап. 

YK-news.kz басылымының жазуынша, 20 қыркүйекте Өскемендегі мейрамханалардың бірінде салтанатты іс-шара атап өтілген. Оқиға орнына санитарлық дәрігерлер, әкімдік қызметкерлері, полицейлер келген. Алайда оларды ғимаратқа кіргізбепті. Тіпті 6 сағат бойы сыртқа ешкім шықпаған. 

Осынша уақыт бойы тексерушілер сыртта күтіп, мерекелік кештің дауысын естіп тұрған. Келушілердің бірінің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырылған соң ғана есік ашылған. Осыдан кейін ғимараттан шамамен 30 адам шығып кеткен. Ал іште дастархан жиналып, жарықты сөндіріп тастаған. 

Дегенмен терезеден секіріп, қашып бара жатқан кейбір қонақтар тексерушілердің назарына іліккен. Енді санитарлық дәрігерлер ереже бұзғандарға қатысты шешім қабылдайды. 

Айта кетейік, елімізде карантинге байланысты той тойлауға рұқсат берілмесе де, қазақстандықтар көпшіліктің басын қосып, жиын өткізулерін қояр емес. Тіпті олардың қатарында лауазымды шешеуніктер де бар. 

22 қыркүйек 2020, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.