Атырау, 17 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

"Уланып жатырмыз". Балқаштықтар түтінге шағымданды

2 181 просмотра

Балқаш тұрғындары ауаны ластап жатқан кәсіпорындардың жұмысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл мәселеге қатысты тексеріс жүріп жатқанын айтты.

Әлеуметтік желілерде балқаштықтардың видеосы тараған. Онда олар қаладағы ауаның ластанғанын айтады. Желідегі видеоның авторы қала көшелерін басқан түтінді, кәсіпорындардың бірін көрсетеді. Оның пікірінше, ондағы сүзгілер жұмыс істемейді.

"Құрметті туристер, Балқашқа келіңіздерші, өтініп сұраймын. Газбен уланыңыздар. Бізде тағы да газ, тұман пайда болды", - дейді ер адам.
"Балқаш та Алматы, Астана, Ақтөбе сияқты ең ластанған елді мекендер рейтингісінде бар. Атмосфераға ауа ластайтын зиянды заттардың шығарылуы бұл таңқаларлық құбылыс емес. Тұрғындар онкологиялық, өкпе және тыныс алу жолдары ауруларының пайда болуы себебін Балқаш аумағындағы кәсіпорындардың жұмысымен байланыстырады. Ашығын айтсақ, шенеуніктердің жергілікті тұрғындардың денсаулығына немқұрайлы қарап отыр", - деп жазды желі қолданушысы Instagram-дағы kris_p_kuljinka парақшасында.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі шағымдарға байланысты Балқаштағы ауаның сапасы тексерілетінін жеткізді.

"Осыған байланысты азаматтардың және Балқаш қаласы әкімінің өтініші негізінде экология министрлігі жанындағы Қарағанды облысының экология департаменті Балқаш мыс қорыту зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Компанияға хабарлама жолданды. Қазір оны тексеру туралы өтініш тіркеуде тұр. Ертең зертхана мамандарымен барлық тексеру жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Тексеру нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.


15 қыркүйек 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.