Атырау, 15 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

2 951 просмотра

"СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенінің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 процентін қамтуға жеткілікті, деп хабарлайды "Хабар-24".

Сонымен қатар аумақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың 900 дозаға тапсырыс берді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады. Әдеттегі мерзімген 2 апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді", - деді.

Сонымен қатар ол тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті. Екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалған.

4 қыркүйек 2020, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.