Атырау, 15 қазан 23:30
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта порно көрсетілді: шенеуніктер мән-жайды түсіндірді

3 114 просмотра

Нұр-Сұлтан білім басқармасының өкілдері математика сабағында балаларға әдепсіз видеороликтерді көрсеткен кім екенін және трансляцияға қандай жолмен қосылғанын анықтау үшін елордалық полицияға арызданды.    

Еске сала кетейік, оқиға елордада 3 қыркүйекте болды. Бесінші сынып оқушыларын ZOOM платформасында оқыту процесіне бөтен біреу араласып, балалардың компьютер экранына әдепсіз слайдтар мен былапыт сөздерді шығарып, математика сабағын бұзды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жанна Нұрмағамбетова өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Ата-аналар мен мұғалімдерден хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн кеңес өткізіп, оқушылармен чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп сақтау туралы тәрбие жұмысын жүргізді. Сондай-ақ кешке ата-аналар балалардың ұялы телефонын тексеріп шықты, ешкім бейтаныс адамдармен байланыс орнатпағаны анықталды", - деді Нұр-Сұлтан білім басқармасы.

Ведомство сонымен қатар оқиғадан кейін онлайн сабақтар Microsoft Teams платформасына көшірілгенін атап өтті.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін елорда полиция департаментіне хат жолданды

Дереккөз: sputniknews.kz

4 қыркүйек 2020, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.