Атырау, 24 сәуір 21:42
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Алматыда 250 адам жұмыла іздеген бала табылды

2 674 просмотра

Алматыда бірінші қыркүйекте жоғалып кеткен 9 жасар Месут Мырзақұлов аман-есен табылды. Оның жоғалып кетуінің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жақсы жаңалық!!! Бала табылды, аман-есен. Қазір анасына тапсырамыз" - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бала 1 қыркүйекте жоғалды

9 жасар Месут Мырзақұлов бірінші қыркүйек күні сағат 13.00 шамасында үйінен шығып кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бала үйден шыққан соң әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке қарай бет алғаны анықталды. Бейнебақылау камераларына оның Қалдаяқов көшесінің оң жағымен кетіп бара жатқаны түскен. Ал олардың үйі тауға жақын жердегі Кеңсай зиратының маңындағы жеке секторда орналасқан.

Месутты іздеуге кинологтар мен Ұлттық ұланның 100 жауынгері, жедел әрекет ететін арнайы жасақтың 20 қызметкері, ювеналды полицияның 50 инспекторы және аудандағы учаскелік полиция инспекторлары, қаланың криминалдық полициясының 40 жедел уәкілі, 20 ерікті мен бала оқитын мектептің бес педагогы жұмылдырылды.

Сонымен қатар мобильді топ қараусыз қалған ғимараттарды, таудағы шығуға қиын жерлерді де тексерді.

Полиция полковнигі Еркін Іңкәров тұрғындар БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы баланы іздеу жұмыстарына атсалысқанын айтты. Азаматтардан түскен қоңырау мен хабарламалар өңделіп, тексерілді.


2 қыркүйек 2020, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.