Атырау, 19 сәуір 21:42
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда салықтардың саны қысқарады

2 436 просмотра

Қазақстанда салықтар мен төлемдердің санын қысқартылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген.

"Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Экономиканың қатты зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, салық мөлшерлемелерін саралау мүмкіндіктері зерделенеді. Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді.

"Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. "Кеңейтілген бюджетті" енгізу аясында шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі", – деді министр.

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауында салықтар санын қысқартуды тапсырған еді.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 қыркүйек 2020, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.