Атырау, 26 шілде 20:58
 дождьВ Атырау +38.2
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынады

2 288 рет қаралды

Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр. 

Жамаубаев министрліктің FATF бойынша (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) жұмыс істейтінін айтты:

- мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектордағы тұлғаларға, олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салуды енгізу;

- салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтер алу құқығын заңнамалық бекіту.

2 қыркүйек 2020, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.