Атырау, 3 мамыр 14:25
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мемлекет арендалық пәтер ақысын төлеуге көмектеседі – Тоқаев тапсырма берді

2 787 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдік кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін тездетіп шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде әкімдіктер кезекте тұрған адамдар үшін арендалық үйлерді салады. Алайда бюджеттік және сатып алу процедураларына көп уақыт кетеді. Сол себепті арендалық үйлердің құрылысы баяу жүргізіледі.  

"Осы схемаға өзгеріс енгізетін кез келді. Енді, қаржыны тек құрылысқа ғана емес, арендалық төлемді субсидиялауға да бағыттау қажет. Бірінші жылы бұл көрсеткіш бірден 10 есеге өседі. Осылайша, 100 мыңнан астам отбасы нақты көмек алады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Президенттің айтуынша, бұл мәселемен Отбасы банкі айналысады.

"Мен "Отбасы банкіне" осы жұмысты ретке келтіруді тапсырдым. Бұл банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жанынан құрылып жатыр. Банк басшылығына осы мәселе бойынша жеке жауапкершілік жүктелген", - деп атап көрсетті Тоқаев.


1 қыркүйек 2020, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.