Атырау, 3 мамыр 16:48
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"ҚазАгро" мен "Бәйтерек" бірігіп, жұмыс орны 50 пайызға қысқарады

2 008 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингі мен "ҚазАгро" холдингіндегі штатты 50 пайызға қысқарып, екеуін біріктіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты

"Квазимемлекеттік секторда әкімшілік қызметте жүрген адамдарды, пайдасыз шығындарды, артық үлестік компанияларды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылуы керек. Мен "Бәйтерек" және "ҚазАгро"холдингтерінің рөліне жеке тоқталғым келеді. Бұл компаниялар индустрияландыру мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосып, осы салалардағы институттардың жұмысын ретке келтірді", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

"Институционалдық қалыптасудың өзгеруі - уақыт талабы. Сондықтан осы екі холдингті біріктіріп, неғұрлым кең қаржылық мүмкіндіктері бар жаңа даму институтын құрған жөн. Компания портфелін екі есеге, ал штатты 50 пайызға қысқарту керек", - деп тапсырды Президент.
1 қыркүйек 2020, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.