Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Президент 42 500 теңге жайлы: басқа елдерде мұндай жәрдемақы берілген жоқ

2 397 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі басты міндет халықтың табысын сақтап қалу екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы қазір алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екенін атап өтті. Сондықтан да, дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданған.

"Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллион азаматымыз 42 500 теңге көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ", – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Жолдауын жария етіп.

Айтуынша, миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар себеті берілді.

Елбасының бастамасымен 550 мыңнан астам отбасы "Біргеміз" қорының қолдауымен біржолғы қаржылай көмекке ие болды.


1 қыркүйек 2020, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.