Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Корея билігі елуден астам қазақстандық студентке виза беруден тас тартты

3 482 рет қаралды

50-ден астам қазақстандық студент Оңтүстік Кореядағы  университеттерге жете алмай отыр. Олар көктемде коронавирус індеті өршіп тұрған шақта елге оралған еді. Ал жазда Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Оңтүстік Корея билігі отандастарымызға виза беруден бас тартқан, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстандық студент Екатерина Чень бірнеше айдан бері қашықтан оқып жүр. Кукмин университетін таяуда аяқтауы тиіс. Анығында соңғы семестрі қалды. Коронавирус індетіне байланысты біздің ел көктемде өз студенттерін елге қайтарған кезде Екатерина Оңтүстік Кореяда қалғанды жөн көрді.   

Екатерина Чень, Кукмин университетінің студенті: 

- Оқуымның төлемақысын 10 процентке өсірді. Ал, сабақ болса онлайн форматта өтуде. Ақшамызды далаға шашқандай сезінем. Яғни дәл бұлай Қазақстанда да отырып сырттай оқи алар едік қой.   

КОРР: Миграциялық полицияның мәліметіне сай қазір Кореяда 589 қазақстандық бар. 403 отандасымыз Корей университетіне түсу үшін осы елдің тілін үйренуде. Көктемде Қазақстанға оралған 60 астам студент енді Кореяға жете алмай жүр. 

Алібек Есекеев: Кукмин университетінің студенті Университеттен келген шақырту қағазы да , билет те қолымда. Жоғары оқу орны менімен үнемі байланысқа шығып отырады. Қазақстан елшілігімен де байланысқа шығуға тырысады. Өкінішке қарай Қазақстан азаматтарына әлі виза берілмей тұр.   

Корея Университеттері қауымдастығы шет елден келетін студенттердің жағдайын түсініп, қолдау көрсетуде. Тіпті, жергілікті  студенттер де онлайн оқып жатқанын айтып, мәселеге түсіністікпен қарау керектігін жеткізді.  Сондықтан қашықтан тек оқу қана қоймай,  емтихан тапсырып, диплом алу мүмкіндігі бар деді.    

Юн Мён Сук – Халықаралық алмасу бойынша корей университеттер қауымдастығының президенті: 

- Кореяда  шамамен 200 мың шет елдік студент білім алады. Олардың 30 проценті бірінші семестрде Кореяға кіре алмады. Олар онлайн оқыды. Кез келген студент ұстаздарға мәселені түсіндіріп, оқуын қашықтан жалғап, қажет болса диплом жұмысын да онлайн қорғай алады.   

КОРР: Қазақстандық және өзге де мемлекеттердің студенттері биыл Кореяға кірі ала ма? Оны эпидемиологиялық ахуал көрсетеді. Коронавирус бәсеңдесе бәрі мүмкін. Әзірге Корея билігі індетпен күрес жүргізуде. Қауіпті вирустың тарауы толастамай тұр. Деректер көңіл көншітпейді.   

29 тамыз 2020, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.