Атырау, 6 қараша 14:15
 дождьВ Атырау +3.9
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Елбасы қауіпсіздігі қызметінің басшысы міндетін уақытша атқару кімге жүктелгені белгілі болды

3 405 рет қаралды

Елбасының қауіпсіздігі қызметі басшысы міндетін уақытша атқару кімге жүктелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Еlbasy.kz.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімдерімен: Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді", - делінген хабарламада.
28 тамыз 2020, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.