Атырау, 2 мамыр 14:19
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Челах пен Күлекбаев отырған "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды

2 880 просмотра

Қостанай облысының полиция департаменті террорист Руслан Қүлекбаев пен экс-шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатқан "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД баспасөз қызметі өкілі бірлескен операцияны Қостанай облысы ПД ҰҚКД және ӨҚБ қызметкерлері жүргізгенін хабарлады.

Кеше кешке Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы Арман Әбілев ұсталды. Бұл мекеме халық арасында "Қара бүркіт" деген атпен белгілі, онда өмір бойына бас бостандығынан айырылған адамдар жазасын өтейді.

Әбілев колония басшысы болып өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері 700 мың теңге сомасындағы параның екінші бөлігін алғаны үшін ұсталды. Барлығы 1 миллион теңге пара алған. Ақша аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қамқорлық жасалу үшін арналған.

Іс СДТБТ-да тіркелді, тергеу басталды.

Еске салайық, бұл мекемеде әріптестерін жаппай өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Владислав Челах жазасын өтеп жатыр.

28 тамыз 2020, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.