Атырау, 2 мамыр 14:29
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Алматыда дәрі-дәрмек сатып алуға 10 миллиард теңге бөлінді

2 454 просмотра

Алматыда дәріханалар мен емханаларда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын дайындау үшін 10 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық әкімдіктің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескере отырып,  сондай-ақ күзгі-қысқы ауруларды ескере отырып, біз тұрақтандыру қорын құрдық, оған 10 миллиард теңге бөлінді.
Бес миллиард теңге нарықты тұрақтандыруға және Алматы қаласының дәріханаларына бөлінеді. Тағы бес миллиард теңге - бұл стационарлар мен емханалар үшін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу үшін құрылған резервтік қор. Дәріханаларға арналған дәрілердің жалпы көлемі - кемінде 40 миллион қаптама, 26,8 миллион қазірдің өзінде жеткізілген", - деді Сәлімбаев.

Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова қазір қалада дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін айтты.

27 тамыз 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.