Атырау, 25 ақпан 09:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Коронавирус: Ресей Қазақстанға вакцинаның 2 миллионнан аса дозасын жеткізеді

2 249 рет қаралды

Қазақстан үшін коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктесі шығарады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бүгін Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті

"СҚ-Фармация" компаниясы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибюторы. Қазақстанға вакцинаның партиясын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктесі жеткізеді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

"Келісімге сәйкес Қазақстанға "Спутник V" ресейлік вакцинаның 2 миллионнан аса дозасын жеткізу керек. Болашақта серіктестермен бірге вакцина көлемін 5 миллион дозаға дейін ұлғайтуды қарастырамыз", - деді Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев.

26 тамыз 2020, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.