Атырау, 20 мамыр 03:04
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы

2 033 просмотра

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан жолаушылар ұшағына құс соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан SCAT компаниясына сілтеме жасап.

"DV 734 "Нұр-Сұлтан - Алматы" рейсінің экипажы ұшып келе жатқанда бөтен бір дыбыстың шыққанын естіген. Ұшу кезінде қозғалтқыштың параметрлері өзгерген жоқ, қалыпты жағдайда жұмыс істеді. Бекітілген нұсқауларға сәйкес, экипаж барлық ақпаратты Алматы әуежайының диспетчеріне баяндады" – дейді компания мамандары. 

Жолаушылар ұшағы штаттық режимде қонды. Әуежайда оны бірден тексеріп шықты. 

"Тексеріс кезінде құстың іздері анықталды. Ұшаққа зақым тиген жерлер жоқ. Қазіргі кезде әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптарына сәйкес, диагностикадан өтіп жатыр", - деді SCAT қызметкерлері.


26 тамыз 2020, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.