Атырау, 19 сәуір 06:30
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Шенеуніктер Түркістан облысында пирамида салған тұрғынды сотқа береді

4 352 просмотра

Түркістан облысының тұрғыны ешкімнен тиісті рұқсат алмай, Қазығұртта пирамидалар сала бастаған. Ол осылайша адамдарды бәле-жаладан қорғамақ болғанын айтады. Алайда шенеуніктер оның бұл бастамасын қолдамай отыр. Мұны заңсыз құрылыс деп бағалады, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Өзінің ғалым екенін айтып, пирамидаларды заңсыз салған шымкенттік құрылысты тоқтатуға болмайтынын жеткізді. Айтуынша, тоқтатса, әлемдік деңгейдегі апат болады. Жергілікті шенеуніктер бұл сөзге сенбеген көрінеді. Олар материалдарды құзырлы органдарға жолдады.

Пирамидаларды жасаушы Шерәлі Артығалиев Ресей ғылым академиясының академигімін деп отыр. Түс көргенге дейін сәулет ісіне еш қатысы болмапты.

"Маған пайғамбарымыз аян берді. Ол кезінде Қазығұртта жеті пирамида болғанын айтты. Оларды қалпына келтіруді тапсырды. Мен Арыстағы жарылыстан кейін 2019 жылдың 27 маусымында сала бастадым. Егер ертерек салып үлгерсем, трагедия болмайтын еді", - дейді жоба авторы.

Құрылысқа қаражатты Қазығұртты зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институты бөлген. Оған Артығалиевтің өзі жетекшілік етеді.

"2020 жылдың 18 маусымында бұл адамға хат жолдадық. Құрылысты тоқтаттық. Жер Жаңабазар ауылдық окргугінің балансында. Істі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жібердік", - дейді шенеуніктер.

Бұдан соң сот болады, Заңсыз құрылыс авторы 75 АЕК (шамамен 170 мың теңге) мөлшеріндегі айыппұл төлеуі мүмкін.

Қазығұрт тауы 

Қазығұрт тауы Түркістан облысы орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 км-дей қашықтықта орналасқан.Қазғұрт тауына қатысты көптеген аңыз бар. Қасиетті жер саналады.


26 тамыз 2020, 08:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.