Атырау, 22 желтоқсан 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алғабаста тағы 6 үй қисайды

5 709 рет қаралды

Алматы қаласы Алатау ауданы Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас-6) көпқабатты тұрғын үйлердің қисайғанына қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімдік шағын аудандағы №1/179 тұрғын үй қисайған соң, ондағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеруге шешім қабылдаған. Ол үшін Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасы "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-мен келісім шартқа отырған. Жұмыс осы жылдың соңында аяқталуы керек.

"Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту керек. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмысы тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Алматыдағы № 179 тұрғын 31 сантиметрге қисайған. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ бұл ақпаратты растаған.

25 тамыз 2020, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.