Атырау, 18 қаңтар 10:45
 ашықВ Атырау -11
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Салық бойынша миллиондаған қарызы бар қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды

2 954 рет қаралды

Мемлекеттік кірістер комитеті 250 миллион теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандықтың аты-жөнін жариялады. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. 

Тізім комитеттің сайтында жарияланды, оны мына жерден көруге болады.

"Қазіргі уақытта олардың салық бойынша жалпы қарызы 263 845 620 теңгені құрап отыр. Осы соманың негізгі қарызы – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар", - деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Антирейтингте Алматы қаласының тұрғыны көш бастап тұр. Ол төлеуі тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 миллион теңге жуық, оның ішінде 6 314 141 теңге – негізгі қарыз, өсімпұл – 4 618 660 теңге.

25 тамыз 2020, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.