Атырау, 25 ақпан 10:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жасайды

3 193 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли айтты.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деді Берік Уәли.
25 тамыз 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.