Атырау, 6 қараша 15:03
 дождьВ Атырау +3.9
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

ДДҰ басшысы пандемияның аяқталу мерзімін атады

2 908 рет қаралды

ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Оның айтынша, 1918 жылғы "Испан тұмауы" эпидемиясымен салыстырғанда, ол да 2 жылға созылған, ДДҰ-да қазір технологиялар көп.

"Байланыс көп болса вирус тез тарайды, бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар", - деді ұйым басшысы.

Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.

22 тамыз 2020, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.