Атырау, 22 ақпан 07:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 502.47
€ 525.83
₽ 5.68

"Төреғали қарындасын ұзатты": Полиция карантин кезінде той ұйымдастырғандарды анықтады

Сурет Бейнежазба
4 825 просмотра

Жуырда әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желіде сырға салу, ұзату той мен үйлену тойынан фотолар пайда болды. Алматы қаласының полиция департаменті елдегі эпидемиологиялық жағдайда той өткізген жұлдызды отбасыға қызығушылық танытты.

Instagram парақшасында Фариза Төреәлі өзінің тойында түсірілген фотолар мен видеоларды жариялаған болатын. Ол жерде тойдың жиырма шақты адамның қатысуымен өткенін және ешкімнің медициналық бетперде тақпағанын байқауға болады. 

Алайда, той бастапқыда үй ішінде жақындары мен туыстарының арасында басталып, кейінірек Алматыдағы мейрамханалардың бірінде жалғасқан. 

Әнші Мақпал Жүнісова да осы тойдан видео жүктеді. Ол ұзату тойдың үйде өткенін хабарлады. 

Осылайша, әнші Төреғали Төреәлінің шаңырағындағы қуаныш тек тыңдармандары мен жанкүйерлерінің ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де қызығушылығын тудырды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

21 тамыз 2020, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16