Атырау, 20 сәуір 11:38
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады

4 402 просмотра

2021 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақыны 42 500 теңге деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында айтылған. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.

"Жасына байланысты зейнетақыға және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаржы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың мөлшерін 7 процентке көтере отырып ескерілген", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгiлеу ұсынылды.

Еске салсақ, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды. 

"2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін талқыланады.

Дереккөз: sputniknews.kz

21 тамыз 2020, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.