Атырау, 28 сәуір 03:30
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты

3 480 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес жөніндегі кеңесте президент басшыларды қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін қызметтен босату қағидаты енгізілгенін атап өтті. Дегенмен, қылмыс әлі де азаймай тұр.

"Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін ұсталып жатқанын оқитын болдық", - деді Тоқаев.

Президент ұсталған шенеуніктердің ішінде екі облыс әкімінің де бар екенін ерекше атап өтті. Осының өзі – "өте қауіпті симптом".

"2020 жылы 7 айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапқа тартылғандардың саны 912 адамды құрады. Бұл өткен жылдың тура осы кезеңімен салыстырғанда 11 процентке артық. Өткен жылы 820 адам болған", - деп атап өтті Тоқаев.


19 тамыз 2020, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.