Атырау, 22 желтоқсан 12:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Карантинге байланысты әлі жұмыссыз отырғандарға 42 500 теңге төлене ме?

2 998 рет қаралды

Карантин жеңілдетілгенімен, қызметі әлі де тоқтап тұрған салаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бірақ  42 500 теңге төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Десе де кейбір нысандар наурыз айының ортасынан бері жабық. Мәселен, кинотеатрлар, караоке, бассейндер және тағы басқа нысандар әлі ашылмады.

"Қазір ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қызметі тоқтап тұрған салаларды мемлекеттік қолдау шараларын қарастырып жатыр. Сондықтан 42 500 теңгені төлеуді жалғастыру туралы мәселе қозғалып отырған жоқ", - деді Шапкенов баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай және қатаңдатылған карантин кезінде кірісінен айырылған азаматтарға 42 500 теңге төленді.

18 тамыз 2020, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.