Атырау, 28 сәуір 09:16
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Елімізде қанша қазақстандық кедейлік шегінде тұрады?

2 657 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов елімізде қанша қазақстандық кедейліктің шегінде тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кедейлік шегінде тұратындар атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр. Қазіргі таңда бұл көмекті 131 мың отбасы алады. Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа формат бойынша беріледі. Яғни азық-түлік себеті және тағы басқа бойынша", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынна бастап елімізде 107 мыңнан аса адам атаулы әлеуметтік көмекті алған.

"Олар пандемияға дейін және одан кейін бұл төлемді алды. Пандемияның барлық кезеңінде eGov порталы арқылы бұл көмекті алуға 29 мың адам өтініш берді", - деді вице-министр.
18 тамыз 2020, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.