Атырау, 29 наурыз 15:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды

Бейнежазба
3 148 просмотра

14 тамыз, жұма күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақфильмде" өрт шықты. Аумағы 400 шаршы метр ошақ 23:10-да, екінші 200 шаршы метр ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым", - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter желісіндегі парақшасында.

ТЖД хабарлауына қарағанда, ауа температурасы жоғары болғандықтан өрт тез шарпыған. Өрт сөндірушілер жалынды "Қазақфильмнің" әкімшілік ғимаратына өтудің алдын алған.

Куәгерлер әлеуметтік желіге видео жүктеп жатыр. Өрт деректемелер мен декорациялар сақталған қоймадан шыққан.


15 тамыз 2020, 08:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.