Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы екі айға қамалды

2 539 рет қаралды

"СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде "СҚ-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Сыбай жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі. 

Қалалық сот баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың хабарлауынша, Берік Шәріп енді екі ай қамауда болады. 

"Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді ол.

Берік Шәріп 2020 жылы 21 сәуірде тегін медициналық көмектің көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша дистрибьюторлық компанияның басшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін ол "СҚ-Фармацияның" басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2020 жылы 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босаған

14 тамыз 2020, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.