Атырау, 22 желтоқсан 08:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Карантин кесірінен жұмысы тоқтаған кәсіпкерлерге көмектесу қарастырылып жатыр

2 486 рет қаралды

Елде түнгі клубтардың, караоке, фудкордтардың, кинотеатрлар мен балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмысына әлі де тыйым салынған. Осы салада қызмет істейтіндерге мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты. Қазір арнайы жоспар әзірленіп жатыр. Артынша жоспар Экономика министрлігіне өткізеді. 

Мамандар табысынан айырылған кәсіпкерлерге өтемақы беріп, оларды салықтан уақытша босатуды және несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді көздеп отыр. Елде карантин енгізілгелі 830 мың бизнес нысаны жұмысын тоқтатқан. Салдарынан 1 млн 300 мың адам жұмысынан айырылды.  

Эльдар Жұмағазиев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: 

- Жақында ғана елордадағы бірнеше нысанды араладық. Кәсіпкерлермен кездестік. Олардың барлығы табысымыздан айырылдық деп отыр. Қазір соларға көмек көрсетудің жолдарын қарастырып жатырмыз.

14 тамыз 2020, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.