2015 жылға қарай еліміздің фармацевтика нарығындағы отандық өнімдер үлесін 50 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның бас фармацевтика инспекторы Лариса ПАК пен жергілікті фармакологиялық компаниялар өкілдерінің кездесуі барысында айтылды.
АНГЛИЯДАҒЫДАЙ БОЛУ КЕРЕК
2010 жылы Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 73 млрд теңге бөлінді, оның 18 млрды амбулаториялық және 55 млрды стационарлық емдеуге бағытталған. 2011 жылы 89 млрд теңге бөлінді, оның 30 млрды амбулаториялық емдеуге, қалғандары стационарларға арналды. Үстіміздегі жылы бұл цифр 100 млрдқа жетті.
–Біз ағылшын нұсқасына жетуге талпынуымыз керек – ол жерде рецепт бойынша барлық препараттар тегін беріледі, - дейді Лариса Пак.
Англияда біздің фармацевтикалық бақылау қызметі секілді мекемеде 900-дей маман жұмыс істейді. Ал Қазақстанда орталық аппаратта 18 және аумақтық бөлімшелерде 97 маман қызмет етеді. Дәрі-дәрмек Британ ұлттық формулярына ілікпес бұрын, өндіруші оның тиімділігін Корольдіктің фармацевттер қоғамына және алуан түрлі 47 комиссияға дәлелдеуі тиіс. Мұндай жүйеде белгілі бір фармацевтикалық компанияның мүдделерін байланыстыру әжептәуір төмендейді. Алайда ең бастысы – ол ашық түрде, барлық дәрігерлер мен дәрі-дәрмектер туралы мағлұматтарды арнайы сайттан тексеруге: мәселен, қант диабетімен ауыратын науқасқа белгілі бір эндокринологтың қандай ем тағайындағанын білуге болады. Дәрігерлерді жылына екі рет тексеріп, оларды арнайы жасалған өлшемдік шкала бойынша бағалайды.
Рас, мұндай фармацевтикалық бақылау және есепке алу жүйесіне қоғам 80 жылдай уақытта жетті.
Біздің еліміз осы жолға рекордты қысқа мерзім ішінде жетуге мақсат қойып отыр. Осы жолдағы кезеңдердің бірі – фармацевтика нарығында қазақстандық үлесті арттыру.
– Қазіргі уақытта дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері мемлекеттік қауіпсіздік саласына жатқызылады. Нарықты 100 пайыз өз дәрі-дәрмектерімен қамтуға тек санаулы елдердің ғана мүмкіндіктері бар. Бұл тұрғыда осыдан 10 жыл бұрын өз дәрі-дәрмектеріміз 3 пайыз ғана болатын, ал 50 пайыз – бұл өте жақсы көрсеткіш. Біз бұған үш жылдан кейін қол жеткізе аламыз, - дейді сенімді түрде Лариса Пак.
ГЕНЕРИК ТҮПНҰСҚАДАН КЕМ ЕМЕС
Лариса ПАКҚазақстандық фармацевтика өнеркәсібінде 80 кәсіпорын жұмыс жасайды. Қазақстанда шығарылатын барлық дәрі-дәрмектердің 85 пайыздан астамы анағұрлым ірі 5 зауыттың еншісінде. Бұлар Шымкенттегі «Химфарм», Алматыдағы «ГлобалФарм» мен «Нобель», Қарағанды фармацевтика кешені, Павлодардағы «Ромат» ФК. Инвесторлар оларға қаржы салуға дайын. Мәселен, ірі «Польфарма» фармацевтика фирмасы «Химфарм» АҚ-на 300-дей атаудағы өз препараттарының желісі бойынша келді. «Польфарма» қазақстандық өндіріске 70 млн доллар қаржы инвестициялады. Жекелеген өндіріс желілері қайта жарақталып, инъекциялық субстанциялар өндіретін зауыт салынды. «ГлобалФармға» 250 атаудағы дәрі-дәрмектері бар дүние жүзіне танымал түріктің Abdi Ibrahim фирмасы келді. Қазақстандық-түрік Abdi Ibrahim Global Pharm LLP фармацевтикалық кәсіпорны құрылды. Қарағанды фармацевтика зауытына еуропалық нарықта да жұмыс істейтін ресейлік инвестор «Фармстандарт» келді. Жергілікті фармацевтика өндірушілердің тарапына генериктер деп аталатын түпнұсқа препараттардың туындысы боп табылатын патенттелмеген дәрілік препараттарды шығарады. Ондағы әсер етуші заттың патенттік қорғаныс мерзімі өтіп кеткен деген және тегін медициналық көмек аясында жеткізілетін дәрілік препараттар тізімінде олардың алатын үлесі зор деген сөгіс жиі айтылады. Алайда, Лариса Пактың растауынша, басқа да мемлекеттер осындай саясатты ұстанып отыр екен:
– Англиядағы әріптестерімнің бәріне мемлекеттің тегін препараттарды қандай бағамен төлеп отырғанын сұраған едім. Бәрінен де бір жауапты: генериктің ең төмен бағасымен төлейтінін естідім.
Оның пікірінше, генерик – түпнұсқа препараттың биобаламалы аналогы. Олардың бар айырмашылығы бағасында екен. Түпнұсқа сапалы болғандықтан қымбат боп отырған жоқ. Өндіруші жаңа өнімді дайындауға, сынауға және нарыққа ұсыну үшін қомақты қаржы салып, содан соң өз ақшасын қайтару үшін белгілі бір мерзімге өзін патентпен қорғайды. Осы мерзім өткеннен кейін бұл препаратты сол құраммен басқа өндіруші фирмалар шығара бастайды. Бұл фирмаларға оны дайындаудың және нарыққа ұсыну үшін шығынданудың қажеті жоқ, сондықтан да олар төмен бағада болады. Ал генериктің тиімділігі түпнұсқадан төмен деген пікір сапасыз тауар шығаратын алақол өндірушілердің «арқасында» туындаған түсінік.
Зульфия ИСКАЛИЕВА