Атырау, 16 қаңтар 10:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Оқуға қабылдау үшін 1,2 миллион теңге: "Жас ұлан" қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

3 021 просмотра

Антикоррупция қызметі Алматыдағы "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "Жас ұлан" республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз ақша алды деген күдікке ілінді.

"Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 миллион теңге сомасында заңсыз ақша алды деген күдікпен Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларын әшкереледі", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Күдіктілердің қылмыс жасағандарын толық мойындағаны айтылады.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында. Істің басқа мән-жайлы тергеу мүддесінде сәйкес жарияланбайды. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деді Антикоррупция өкілі.

9 шілде 2020, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.