Атырау, 26 желтоқсан 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Түнгі газ шабуылы: «Зауыттың бұған еш қатысы жоқ»

4 933 рет қаралды

9 шілдеге қараған түні Атырау тағы да белгісіз ауа ластағыштың уысында қалды. Ольга есімді қала тұрғыны «АЖ»-ға былай деп жазды: «Әр түн сайын АМӨЗ жақтан жаман иіс келеді. «Стройконторада» тұрамыз, тіпті, терезелерді ашу мүмкін емес. Пневмониямен оқшауланған адам болса, ауа жетпей өліп қалары сөзсіз».

«АМӨЗ» ЖШС-нің экология департаментінің бастығы Ерсайын ЖАРБОСЫНОВ бұған зауыттың қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарды:

- Бұл мүмкін емес, өйткені зауытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың бұл бөлігінде тек Атырау МӨЗ ғана емес, басқа да өндіріс орындары – жуу-буландыру станциясы, мұнай базасы және т.б. орналасқан. Ауаны іс жүзінде ластағандарды экологтар іздесін.

Мирас МҰСТАФАЕВ

9 шілде 2020, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.