Атырау, 27 сәуір 03:33
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда қанша адам пневмониямен ауырып жатыр?

3 111 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі биыл Қазақстанда пневмониядан қанша адам қайтыс болып, қанша адамның ауырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирустық инфекция мен пневмония аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша статистикалық мәліметтерді медициналық ұйымдар күнделікті негізде дайындайды, мәліметтер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Осылайша 2020 жылғы 7 шілдеде 11385 пневмония және 3090 коронавирус жағдайы тіркелді. 2019 жылғы 7 шілдеде 56 пневмония оқиғасы тіркелген болатын", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің жауабында.

2020 жылғы 29 маусым мен 5 шілде аралығында 32083 пневмония және 9402 коронавирустық инфекциясы тіркелді. Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 29 маусымы мен 5 шілде аралығында пневмониядан қайтыс болғандар саны 415 адам, ал коронавирустық инфекциядан 76 адам болды. Пневмониядан қайтыс болғандар саны 2020 жылғы 7 шілдеде 38 болса, коронавирустан қайтыс болғандар саны 17 болды.

9 шілде 2020, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.