Атырау, 22 желтоқсан 17:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Құны миллион теңге болатын "Ингавирин" препаратын сатпақ болған алматылық ұсталды

3 333 рет қаралды

Алматы тұрғыны құны миллион теңге болатын вирусқа қарсы "Ингавирин" дәрісімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Ингавирин" дәрілік затын қаптамасына 7 500 теңге жоғары бағамен сатумен айналысатын қала тұрғынын ұстады.

"Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес бұл препараттың шекті бағасы бір орамға - 5 640 теңге. Шара барысында қала тұрғыны жалпы сомасы 1 050 000 теңге болатын 140 орамды заңсыз сатуды жоспарлап отырғаны анықталды", - деді комитеттегілер.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны айтылады.


9 шілде 2020, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.