Атырау, 26 қараша 05:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Ресейдегі конституция күші халықаралық құқықтан жоғары тұратын болады

3 090 просмотра

Ресейде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беру аяқталды. Мәскеу уақытымен сағат таңғы жетіде Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 99%-ін есептеді. Сайлаушылардың 78% өзгертулерді қолдады. Ал 21%-інен астамы қарсы дауыс берді. 

Жалпы елдің Ата заңына 200-ден аса тузету енгізу ұсынылған болатын. Оларға сәйкес, премьер-министр және парламенттің өкілеттілігі өзгертіледі, Ресей үкіметін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленді және қазіргі мемлекет басшысының президенттік мерзімдері есептелмейтін болды. 

Яғни Владимир Путин тағы да екі мерзімге сайлана алады.  Ресей азаматтарына Конституцияға түзетулер жөнінде өз еркін білдіруге бір апта уақыт берілді. Коронавирус індетіне байланысты плебисцит көптеген жаңашылдықтармен өтті. Мысалға, Мәскеу және Нижний Новгород облысының тұрғындары қашықтан дауыс бере алды. Бұл мүмкіндікті бір милионнан аса адам қолданған.  

Кирилл Поляков, Мәскеу қаласы ақпараттық технологиялар департаментінің өкілі:

- Азамат дауысын бергенде ол блокчейнге түседі. Бұл жаңа технология ақпарат өзгертілмейтініне, ауыстырылмайтынына және алынып тасталмайтынына кепіл береді. Блокчейннен ақпаратты қағазға басатын принтерлерді көріп тұрмыз. Қазір бұл ақпаратты оқу мүмкін емес. Ең соңында шифры ашылғаннан кейін оқи аламыз.  

Тағы бір жаңашылдық – тұрғындар алысқа бармай, өз үйлерінің аулаларында дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясы жылжымалы учаскелерді шатыр астында болады деп жариялаған еді. Алайда кейбір өңірде шатыр емес, автобус салондары мен көліктердің жүк салғыштарын, тіпті ағаш түбірлерін де қолданған.

Кирилл Батанов: - Сәлеметсіз! Сіз сайлау учаскесіз ғой? Осылай дауыс беруге болатынын айтсам, жұрт маған сенбейді. Бұл саяси жүйеміздегі жаңашылдық – көліктің жүк салғышындағы сайлау учаскесі.  

Осындай жағдайда әрбір орынды бақылау – қиын міндет. Алайда байқаушылардың көбі бұған таңқалған жоқ.

Аслан Абашидзе, РХДУ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі:

- Жұрт не дейді деп алаңдаудың қажеті жоқ. Басқа мемлекеттерде дауыс беру қалай өтеді деп салыстырсақ, алысқа кетеміз. Басты мақсатымыз – Ресейдегі сайлау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету.  

Ал Орталық сайлау комиссиясы ашық жерде дауыс беру жақсы пікір дейді. Әсіресе коронавирус індеті дендеп тұрғанда бұл бастама сайлаушылардың көңілінен шықты. Дегенмен, ғаламторда жалған сайлау учаскелері жөнінде ақпарат тарай бастады.  

Александр Клюкин, Ресей орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 

- Қалай жалған шатыр болуы мүмкін? Осыны ұйымдастырған адамдардың мүлдем ұяты жоқ екен. Бұл қылмыс. Екі рет дауыс беруге болады, бірақ адамдар бұл қылмыс екенін түсінуі керек. Ал аулаларында дауыс беру мүмкіндігі сайлаушыларға ұнады.   

Плебисцит аяқталды. Енді Ресей Ата заңына 200-ден аса түзету енгізіледі. Бұл елдің бүкіл саяси жүйесіне қатысты ауқымды реформа. Сондай-ақ  Конституцияның жаңартылған нұсқасында Құдай аталып, некеге ер мен әйел арасындағы одақ деген анықтама берілген. Жалпы енді Ресейде Ата заң күші халықаралық құқық ережелерінен үстем болмақ.

Дереккөз: 24.kz

2 шілде 2020, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.