Атырау, 21 желтоқсан 03:46
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау облысында экология департаментіне жаңа басшы келді

4 743 просмотра

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша экология департаментінің жаңа басшысы болып Әлібек Бекмұхаметов тағайындалды.

А.Бекмұхаметов 1983 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының маманы болып бастаған. 2006-2008 жылдары сол жерде атмосфералық ауаны және радиациялық қауіпсіздікті бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары-Астана қаласы Есіл экология департаментінің бөлім бастығы. 2012-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2017-2020 ж.ж. – Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары. Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 маусым 2020, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.