Атырау, 29 наурыз 11:40
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Бекіре-2020»: бір жарым айдың ішінде тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді

4 407 просмотра

1 сәуірде басталған «Бекіре-2020» балық қорғау акциясы жалғасуда. Бүгінде 823 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, олардың 639-ы - Атырау облысына, 56-сы – Маңғыстау облысына және 128-і - Батыс Қазақстанға тиесілі.

Браконьерлікке қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды, 512 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз ауланған 11,8 тонна балық, оның ішінде 943,6 келі бекіре тұқымдастар тәркіленді.

Өзен арналары, сондай-ақ Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауы күн сайын сүзіледі. Нәтижесінде 2510 дана заңсыз балық аулау құралы, негізінен моноталшықтан жасалған синтетикалық торлар алынды.

Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыттар үшін 217 өндіруші балық ауланды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 мамыр 2020, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.