Атырау, 9 қараша 21:57
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ескерткіштерді кім қорғайды?

2 653 просмотра

23 қараша күні облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекция «Ескерткіштану II» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өткізді.

Симпозиум алғаш рет былтырғы жылы Ақтөбе қаласында «Қазақ ескерткіштануының мәселелері» тақырыбында өткен болатын. Биылғы шараға археологтар, этнологтар, этноархеологтар, сәулетшілер, реставраторлар, өнертанушылар, тарихшылар қатысты.

Бүгінде Алтайдан Атырауға дейін созылған Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің саны 150 мыңнан асады екен. Ғалымдар Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарындағы бірқатар аудандарда орналасқан ескерткіштерге жүргізілген далалық зерттеу әдісі мен олардың типологиясы, атрибуттық мәселелері, есепке алу, қалпына келтіру, консервациялау туралы баяндамалар оқыды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Жамиға ТАҢАТАРОВА көпшілік алдында ескерткіштану саласындағы мәселені мемлекеттік деңгейде көтеруге үн тастады:

- Мұндай симпозиумды Ақтөбе, Атырауда ғана емес, Астанада неге өткізбеске. Тарихи-мәдени мұраларды инновациялық технологиялармен сақтап қалу жағына баса назар аударылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Бар мәселе кеп тірелетін қаржылық дағдарыс ескерткіштану саласына да тосқауыл болып тұрғанын жасыра алмады ғалымдар. Алайда әкімдік тарапынан қолдау білдіретіндей болды.

- Осы симпозиумда оқылған баяндамалар мен ескерткіштердің суретін топтастырып, альбом мен кітап шығарылғаны жөн деп ойлаймын, - дедіоблыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН. - Келесі жылы осы салаға бюджеттен қаржы қарастырыла жатар.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

28 қараша 2012, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.