Атырау, 25 қараша 02:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біз улауды ғана білеміз

2 018 просмотра

Қалалық қоқыс алаңындағы кезекті өрттен 7 күн өткен соң Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қоры «Кока-Кола» компаниясының қаржылық қолдауы барысында «Ренессанс»  қонақ үйінде қорапты қалдықтарды екінші рет қолдану тақырыбында семинар өткізді.

Австриялық эколог Раймонд МАДЕНІҢ (суретте) айтуынша,  қалдықтарды бөлек  жинау барынша шығынды, пайда әкелмейтін қызмет түрі. Өйткені, тұрғындарға түрлі түсті қоқыс шелектерін таратуға тура келеді: тамақ қалдықтары, қағаз, әйнек, пластик, металл және ағаш үшін және соған сәйкес аулаларда қоқыс контейнерлерін орналастыру керек. Мұнсыз болмайды – лас қағазды қоқыс өңдейтін зауыттар қабылдамайтын болады.

Егер бұл шығындарды қоқыс өңдейтін кәсіпорынның мойынына жүктейтін болсақ, онда қоқысты өңдеу идеясына нүкте қою керек.   Батыста бұл проблемадан  шығар жолды тапқан.

Жүргізілген талдау қалдықтардың  60% орама материалдар – бөтелкелер, қораптар, пакеттер және т.б.  құрайтындығын көрсетті. Сондықтан да қоқыстарды бөлек жинауды жүзеге асыратын кәсіпорынды қаржыландыру үшін  тауар өндірушілерді міндеттейтін заң нормалары бекітілді. Австрияда тұрмыстық қалдықтардың мына бір фракцияларын екінші рет қайта өңдеудің міндетті  нормалары енгізілді: әйнек - 60%, пластик – 25%, қағаз – 50%. Мұндай заңдар Еуропалық Одақ елдерінің барлығында бар және ол заңды бұзғандар өте көп мөлшерде айыппұл төлейтін болады. Еуропа елдерінде қалдықты қайта өңдеу үлесі  80%-ға жетті. Бұдан басқа, орама материалдар бұрынғысына қарағанда екі есе жеңіл болды. Айталық, Австрияда шыны бөтелкелерді  жалпы «әуе» деп атайды.  

Сұрыпталмаған қалдықтарды қоқыс полигондарына орналастыруға бұл елде қатаң тыйым салынған. Маденің айтуынша, бүгінгі таңда табанда қатыратын улы газды тарататын қоқыс алаңдарындағы өрттер тек Шығыс Еуропа елдерінде ғана тіркеледі.

Еуропа біздің қалдықтарымызды сатып алуға дайын ба? Бұл сауалға Маде былай деп жауап берді: біздің араласқан қоқыстарымыздың ешкімге керегі жоқ, ал, сұрыпталған қалдықтар бәріне қажет, Еуропаның кәсіпорындары мұндай шикізатқа мұқтаж. Айталық, «Кока-Коланың» нығыздалған пластик бөтелкелерінің бір тоннасы 500 еуро және қоқысты қайта өңдеуші кәсіпорындарға оларды қайдан әкелетіндігі – Атыраудан ба, әлде Лондоннан ба бәрібір.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 қараша 2012, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.