Атырау, 24 қараша 10:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатырған жасөспірімге қалай дос болуға болады?

PR
8 381 просмотра

Барлығымыз Күлбике туралы ертегімен таныспыз. Мейірімді пері Кулбикеге мүмкіндік сыйлап, ол патшалық мейрамды тамашалайды. Алайда, дәл түн ортасында сиқыр аяқталып, Күлбике әдеттегі өміріне оралады: көйлек жыртысқа, арба асқабаққа, делбешілер егеуқұйрықтарға айналады. Әрине, ертегі болғандықтан соңында Күлбике үшін барлығы сәтті аяқталады.

Ал, енді 16-18 жастағы  барлығы жүйелі түрде шешілетін мемлекеттің қамқорлығына үйреніп қалған жасөспірімдерді елестетіп көріңіз: барлығына бірдей киімдер қатаң бюджетке сай сатып алынады, нақты кесте бойынша ас мәзірі, колледжге бағыттама арқылы түседі. Ертегідегі пері секілді балаларға көптеген сыйлықтар беретін «жақсы» демеушілер бар: бұл қымбат гаджеттер және кез-келген талғамға арналған ойын-сауық. Балалар үйіндегі өмірді ертегімен салыстыру өте күмәнді болғанымен, материалдық байлықтың әсері бірдей: (балалардың 90% -ы 16 жаста) балалар үйінен шыққаннан кейін осының бәрі жоғалады. Енді олар ересектер әлемінде жападан жалғыз өмір сүріге бет басады.

Эволюция жеке адамның қалыпты дамуы мен қалыптасуы үшін бізге  ересек адам қажет екенін көрсетті. Ең дұрысы - бұл ата-аналар. Бірақ біздің елімізде 5000-ға жуық баланың айтарлықтай ересектері жоқ және олар интернаттарда тәрбиеленеді. Егер 10 жасқа дейінгі балаларға әлі де оларды жақсы көретін және қамқорлық жасайтын отбасын табуына мүмкіндік болса, үлкен жастағы балалардың бұған деген мүмкіндігі өте аз.

Осылайша, тәлімгерлер балаға әлеуметтенуге, ересек өмірге дайындалуға, жасөспірім шағында кездесетін күрделі мәселелерді  шешуге, ересек өміргде дайындалып, балалаға әлеуметтеніге қол ұшын беретін адам – тәлімгер. Олар балалар үйіндегі жасөспірімге өз уақытын, назарын және тәжірибесін бөлуге дайын арнайы оқудан өткен еріктілер. Жақындармен салыстырғанда, тәлімгер балаға әрдайым жаны ашитын нағашыға ұқсас.

Тәлімгер - 25 жастан асқан, аптасына кемінде бір күн балаға арнай алатын ересек адам.  . Психологтар мен жоба үйлестірушілері тәлімгер болуға ниет білдірген жандарды олардың жеке басты ақпаратын тексеріп, психологиялық тесттер және сұхбат кезінде олардың осындай жауапкершілікке қаншалықты дайын екендіктерін анықтап қатаң іріктеуден өткізеді. Потенциалды тәлімгерлерді дайындауға көп көңіл бөлінеді, олар баламаен таныспай тұрып,  «Тәлімгерлер мектебінде» арнайы оқудан өтуі керек.

Тренинг барысында қатысушылар интернаттарда тәрбиеленетін балалардың психологиясы, жас ерекшеліктері, әсіресе жасөспірім кезіндегі жеке басының шекаралары туралы ақпарат алады және эмоционалды жаттығуларды үйренеді.

Сонымен қатар, жоба ерікті негізде жұмыс жасап,  ал тәлімгер демеуші қызметін атқармайтынын айта кету керек. Жоба шеңберінде қымбат сыйлықтар мен балаға қаражат аударуды құптамайды. Өз кезегінде балаларға тәлімгерлер  демеуші мен патронат тәрбиешінің айырмашылығы неде екендігі түсіндірілді.

Тәлімгер - бұл балаға нағыз құндылықтарды сыйлай алатын дос; - уақытын, назарын және жеке тәжірибесін. Еріктілердің басқа жобаларынан айырмашылығы, жобаға қатысу баламен ұзақ уақыт, кем дегенде екі жыл бойы өзара әрекеттесуді көздейді және тәлімгермен ресми келісім-шарт жасалады.

Жоба барысында тәлімгер кіші досын үй ішімен таныстыруға мүмкіндігі бар. Бұл үшін заңменен «қонақ келісімі» түрі қарастырылған. Балаға интернаттық мекемеден тыс жерде баламен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болғаны ауадай қажет. Осылайша, балаларда мекемеден тыс өмір туралы түсініктері қалыптасады.

Келісімшарт жасалғаннан кейін және жеке кездесулер басталғаннан кейін жоба қарым-қатынастардың даму динамикасын және тәлімгерлік мақсаттарына қол жеткізуді бақылайтын психологтардың сүйемелдеуін қарастырады. Сонымен қатар, тәлімгерлер үнемі тәлімгерлер клубының құрамындағы басқа тәлімгерлермен сөйлесіп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие.

Жоба бесінші жыл жұмыс істеп,бүгінде Қазақстанның 10 қаласында ұсынылған: Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Ақтау, Павлодар, Орал, Шымкент, Семей. Осы жылдың сәуір айынан бастап Атырау қаласында іске қосылды. Жобаның 137 қатысушысының ішінде қазірдің өзінде жобадан тыс тәлімгерлерімен байланысын жалғастырып жатқан түлектер бар.

Мысалы үшін, Әсем мен Каринаның жеке оқиғасы. Қазір Карина Еуразия ұлттық университетінің студенті және журналистика саласында оқиды. Оның тәлімгері Әсем болмаса, журналист боламын деген арманын орындай ала ма, жоқ па белгісіз. Олар   жобада танысуы  тағдырдың ісі болар. Басында, Карина басқа бір тәлімгерді таңдаған, ал Әсем бұл жобаға кейінірек қосылды. Алайда, бірінші үміткер жұмыста қиындықтарға тап болып, осыған байланысты Каринамен жақсырақ танысуға уақыт болмай, жобадан кетуге мәжбүр болды. Ал Әсем әдемі дауыспен ерекшеленген  Каринаға алғашқыдан көз салған. Карина балалар үйінің іс-шараларында жиі ән айтады, айтпақшы, қыздардың сыртқы келбетін байқамау да мүмкін емес. Көптеген «Тәлімгер-Кіші дос» жұптары бір-біріне сыртқы жағынан да, мінез-қылықтарымен де өте ұқсас.Карина мен Әсемнің ұзақ мерзімді достығы кезінде олар көп нәрседен өтті: алғашқы махаббат, алғашқы қақтығыстар мен түсінбеушілік, ҰБТ қорқынышын жеңу, мамандықтар таңдау, т.б.. Әсемнің қасындағылардың барлығы 4 жыл ішінде Каринамен танысып, оның университетке түсуге деген ықыласын қолдады. Айта кету керек, балалар үйінің түлектерінің шамамен 10% -ы жоғары оқу орындарын таңдайды. Себеп, өз-өзіне күмәндану және мектеп пәндеріндегі үлгерімнің нашарлығы. Сондықтан әр бала мен жасөспірімнің жанында оған бей-жай қарамайтын адам болуы өте маңызды.

Өткен жылы Карина грантқа тағайындалып, оның тәлімгері Әсем оған жатақханаға орналасыуына көмектесті. Қыз бала өсу мен тәуелсіз өмірдің басталуына байланысты көптеген тәжірибелер мен қорқыныштарға тап болды. Әсем әрдайым қасында болып, қолдау көрсетті. 

Бұл бір ғана бір мысал, осындай әлі де 136 баланың өмір оқиғасы бар, бірақ әлі де көптеген балалар әртүрлі себептерге байланысты асырап алуға мүмкіндігі болмай, өздерінің тәлімгерлерін, ересектер өміріне өту алдында көпір бола алатын достарынан күтуде.

Тәлімгерлер – жүрегінде балаларға деген мейірімі бар, әділтікті орнатуға ат салысқан қарапайым қаһармандар. Олардың кейбіреулерін «Наставники» (2019 жыл) документалды бейнесінде көз жеткізе аласыз. Фильмде 3 кейіпкер тәлімгер болу шынында қалай екенін, ол не үшін керек және өмірге қандай әсер ететіні туралы бөліседі.

Сайт www.nastavniki.kz 

Атырау: +7 701 080 0091, atyrau@nastavniki.kz
Алматы: +7 701 799 43 04, almaty@nastavniki.kz
Нұр-Сұлтан: +7 7172 46 91 32, astana@nastavniki.kz
Қарағанды, Теміртау: + 7 747 940 33 28, karaganda@nastavniki.kz
Павлодар: + 7 777 934 68 58 , pavlodar@nastavniki.kz
Орал: +7 775 135 57 26, uralsk@nastavniki.kz
Ақтау: +7 702 875 49 94, aktau@nastavniki.kz
Шымкент: +7 702 929 16 52  shymkent@nastavniki.kz
Семей: +7747 429 23 44
semey@nastavniki.kz


14 сәуір 2020, 20:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.