Атырау, 26 сәуір 10:42
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Елдегі шағын және орта бизнес иелері салықтан босатылды

2 794 просмотра


Осы жылдың соңына дейін ірі сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және спорт нысандары, қоғамдық тамақтану саласы, қонақүй және туристік қызмет саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер мүлік салығынан босатылды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр Мемлекет басшысының "экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандырулар қабылданғанын атап өтті. Олар саудадан туристік бизнеске дейін экономиканың түрлі секторларын қамтиды.

Сонымен қатар, Мәди Такиевтің мәліметінше, салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылған.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС салынбайды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығын төлемейді.

"Сонымен қатар, бағаның өсуін нивелирлеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарлары үшін ҚҚС ставкасы 12% - дан 8% - ға дейін 2020 жылдың 1 қазанына дейін төмендетілді", - деп түйіндеді Мәди Такиев.

3 сәуір 2020, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.