2012 жылдың 1 сәуірінен бастап, Атырауда тұрғындар үшін су тарифі 43,9%-ға, мекемелер үшін – 5,9%-ға өсті. Кәріз жүйесі бойынша – тиісінше 9 және 7,4 пайыз. Мұнда дифференция да енгізілді: айына бір адамға шаққанда 3 текше метрге дейін су тұтынатын тұрғындар үшін тариф - бір текше метр үшін 25 теңге, ал бұл нормадан асқандарға – 29 теңге құрады.
ДЕМЕУҚАРЖЫСЫЗ ҚИЫН
Тарифті көтеруге «Атырау Су Арнасы» КМК-ның (АСА) 2012-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының жалпы сомасы 570 млн теңге қаржысы салынған. Қаржылар жылдар бойынша бөлінді: 2012 жылға – 52 млн теңге, 2013 жылға – 210 млн теңге, 2014 жылға – 308 млн теңге. Кәсіпорын активтерін көбейту – су құбыры торабын кеңейту, сорғылар, дәнекерлеу агрегаттарын, есептеу аспаптары мен арнайы техникалар алу мақсат етіп қойылған.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған журналистермен болған кездесуде «АСА» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ инвестициялық бағдарлама аясында жасалған жұмыстар туралы әңгімеледі.
Бас су құбыры қызметкері тіршілік нәрінің сәуірдегі қымбаттауымен ғана тоқталып қоймайтынын бірден меңзеді.
– Құбыр суы «текшесінің» өзіндік құны 62 теңге құрайды. Оны халыққа сатудан түсетін ақшаға, егер жергілікті бюджеттің демеуқаржысы болмағанда, біз өмір сүре алмас едік, - деді ол.
«АСА» КМК инвестициялық бағдарлама аясындағы жұмыстарды өз күштерімен жүзеге асырады, мердігерлер жалдамайды.
– Қазір қаладағы магистральды тораптардың 100 пайызы полиэтиленнен, үйге кіргізілген тұрбалар мен тұрғындардың өздері жүргізген тұрба учаскелері ғана шойыннан жасалған. Егер судың нормативтік шығындары 2000 жылдардың басында 50 пайыздай құраса, екі жыл бұрын олар 32 пайызға дейін төмендеді, қазір 27 пайыз құрайды, - деп мақтанды А. Ташлыков. – Ал 2013 жылға табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті бізге шығындарды 25 пайызға дейін азайтуға тапсырма берді.
2012 жылдың маңызды жетістігі қаланың су құбыры бөлігін шығыршықтау боп табылады. Жүйенің негізгі «күре тамыры» 3 магистральды тұрбалар боп табылады: біріншісі қалалық су тазарту құрылғысынан оң жақ жағалауға облыстық аурухана арқылы Балықшыға, екіншісі – су тазарту стансасынан Азаттық бойымен Балықшыға, үшіншісі – су тазарту стансасынан Привокзальный, Химпоселок, Перетаска арқылы Балықшыға жүргізілген. Осылайша қаланың түрлі аудандарындағы су қысымы теңестірілді. Нәтижесінде шығындар азайып, бұл өз кезегінде күзгі-көктемгі уақытта су тазарту стансасындағы су өндіруді тәулігіне 50-ден 42 мың текшеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
ТҰРБАНЫ ТОПЫРАҚ ЖЕП ҚОЯДЫ
А.Ташлыковтың айтуынша, қазір Атырау – Мақат су құбыры үзіліссіз жұмыс жасап тұр. Магистральдің үш нүктесінде – Ескене, Доссор және Мақатта көтеру-сорғы стансасы мен сыйымдылығы 10 мың текше болатын суы бар резервуарлар орнатылған. Бұл үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап Мақатта тәулік бойына сумен қамту жүйесін іске қосуға мүмкіндік береді.
Қаланың кейбір аудандарындағы кәріз жүйесінің нашар жұмыстарына қатысты А. Ташлыков қазір «Насиха» сауда үйі мен «Атырау» мейманханасы ауданында бұл анағұрлым өзекті мәселе боп отырғанын хабарлады. Бұл жердегі тораптарға жарты ғасырдан астам уақыт болған, олар керамикалық және асбест-цемент тұрбалардан жасалған. Олар бүгінде топырақтың бүлдіргіш қасиеті салдарынан жоқ боп кеткен екен. Коллекторлардың өздігінен ағуын қалпына келтіру өте қиын – жұмыстар құдықтар сайын жүргізіліп жатыр. Жақында №10 канализациялық сорғы стансасына жақын маңдағы жұмыстар аяқталды. Мейманхана төңірегіндегі осындай жұмыстар қарашада басталады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ