Атырау, 25 қараша 00:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кәсіпкерлер қаперіне!

7 981 просмотра

Бүгінде нарық саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер өз жұмысшыларына жиі сенімсіздік білдіреді. Күмәнді сейілту үшін не істеу қажет? Атырау облыстық сот сараптама институтының бас сарапшысы Гаухар ДОСМАХАНОВА сауда-саттық айналасындағы жұмыс берушілерге өзінің кеңесін береді.

- Әуелі мынаны айтып өтейін:2012 жылдың маусым айынан баcтап Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы Атырау облыстық сот сараптамасы институты болып қайта құрылды. Институт директоры - Б.Н.Шайхин. Институтта әр түрлі санаттағы 23 сарапшы жұмыс жасайды. Сарапшы жұмыстарының бірі - сот сараптама экономикалық зерттеу. Мұндай зерттеулерге сұраныс білдіретіндер көбіне-көп қаржымен тығыз байланыстағы адамдар. Бір сөзбен кәсіпкерлер десек те болады. Олар біздерге көбіне-көп тауар мен ақшаны тексертуге келіп жатады.

Сол сауда-саттықпен айналысатын азаматтарға жадынама ретінде маңызды ережелерді айта кеткен жөн. Коммерциялық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер жұмысқа қабылдаған сатушыларға көбіне-көп сенбейді. Арада бір жыл немесе одан да аз уақыт өткен соң сауда орнына тексеру жүргізгенде тауардан немесе ақша қаражаттарының жетіспеушілігі байқалып жатады. Жетіспейтін ақша мөлшерін немесе тауардың құнын орнына келтіру мақсатында құқық қорғау органдарына арыздануға мәжбүр болып жатады.

Алайда, жұмыс беруші арызданғанмен, сатушыны заңға сәйкес жұмысқа қабылдап, жұмысқа алар кезде өз міндетіне материалдық жауапкершілігін толығымен артпаса, тауар немесе ақша қаражатының жетіспеушілігін анықтау мүмкін болмайды. 

Ал тауарға немесе ақшаға сот сараптамасын жүргізу үшін жұмыс беруші мынадай іс құжаттарын алып келуі тиіс:

1. жұмысқа алу келісім-шарты (екі жақтың қолтаңбасы болуы қажет);

2. материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шарт (екі жақтың қолтаңбасы болуы қажет);

3. жұмысқа қабылдағанда тауар немесе мүліктің қабылдау тізімі (екі жақтың қол таңбасы болуы қажет: өткіздім және алдым деген): мерзімі 10 күн немесе 1 ай аралықта тексеру жүргізу актісі немесе материалдық есептеулер қорытындысы (отчет) тапсырылып отыруы қажет;

4. жаңадан келіп түскен тауарларды алыс-беріс барысында бухгалтерлік құжаттар толтырылып отырғаны қажет (накладная на отпуск и приемку товара), (екі жақтың қолтаңбасы болуы қажет);

5. тауарлардың қалдығының мөлшерін білу үшін санақ тексеру жүргізіледі, тексерудің нәтижесін инвентаризациялық актіге жазбаша түрде енгізіп материалдық жауапкершілік міндеті бар жұмысшы және тексеруші өз қолтаңбаларын қояды;

6. материалдық жауапкершілігі бар жұмысшының міндетіндегі тауарды немесе ақша қаражаттарын тексеру басталмай тұрғанда, алдындағы есебі бойынша қаншалықты мөлшерде екендігі туралы мәлімет дайындау;

Осы шараларды тағайындаған жағдайда жұмысшының міндетіндегі тауарды немесе ақша қаражаттарының сақтауына кепілдік туғызады және заң жолымен қуылып, орнын толтыруға себепкер болады.

Өкінішке орай, көп жағдайларда осы шарттар орындалмай, сатушы ретінде қабылданған жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасында дәптер қолданылып, ол дәптерге кім бергендігі, кім алғандығын айыруға мүмкіндік болмайды және сот экономикалық сараптама жүргізу мүмкіндігі мүлдем жойылады. Өйткені, бухгалтерлік сот сараптама талабына сәйкес келмейді.

14 қараша 2012, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.