Атырау облыстық перинатальдық орталықта жаңа жабдық - аңа туған сәбилердің терапиялық гипотермия кешені - TecoTermNeo аппараты және электроэнцефалография - пайда болды.
Статистикаға сәйкес, нәрестелер өлімі құрылымында жаңа туған нәрестелер 60%-ды құрайды. Оның басты себептерінің бірі - орталық нерв жүйесінің зақымдануы, олардың көп бөлігі гипоксия салдарынан болады. Жаңа туған нәрестелердегі мидың гипоксикалық-ишемиялық зақымдануы өткір перинатальдық асфикция және ми клеткаларының өлуіне әкеп соғатын патологияға ұласады. Бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдануына, ал көбіне өлімге алып келеді.
Бұны ана мен бала ұлттық ғылыми орталық мәліметтері де растап отыр. 2017 жылдың қарашасынан 2019 жылдың маусым айына дейін аталмыш орталықтың жансақтау бөлімінде орташа ауыр және ауыр дәрежедегі гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия диагнозымен 72 жаңа туған нәресте емделді. Бұл балалардың жартысына көбі 1800 грамм дене салмағымен күніне жетпей дүниеге келген.
Бұрын дәрігерлер бұл жағдаймен ескі әдіс бойынша күресіп келді: баланың денесіне салқын су толтырылған резеңке қолғаптарды қойып қоятын. Енді бұл өмірлік маңызы бар жұмысты арнайы аппарат атқаратын болады.
- Бұл Қазақстандағы төртінші аппарат. Біреуі астанада, екеуі Алматыда жұмыс істеп тұр. Енді Атырауда да жаңа жабдық гипаксияның ауыр формасымен туындайтын жаңа туған нәрестелер өлімін төмендетуге көмектеседі, - дейді «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Берік ДАРЖАНОВ.
Жаңа аппарат жаңа туған нәрестенің барлық денесін немесе жекелей өте дәл нақты температура дәрежесінде салқындатып, ал қажетті жағдайда қыздыра алады.
Нақты температура әсері қан ағысын түзетуге мүмкіндік береді және сол арқылы клеткалардың немесе нәрестенің зақымданған ми клеткаларының қалпына келуін бақылауға алады.
Бұл жағдайда жаңа туған баланың өмірге келген ең бірінші сағаттарында, тіпті, минуттарында терапиялық гипотермияны қолдану өте маңызды. Мамандар аппарат жұмысының жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы 6 сағатында тиімді екендігін айтады, кейін ми клеткаларының жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.
Құны 23,6 млн теңге болатын аппарат жеке бір тұлғаның қайырымдылығының және 2019 жыл бойына қазақстандықтардың «Касса 24» терминалы арқылы аударған қаражаттарына алынды.
Облыстық перинатальдық орталықтың директоры Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, біздің облыста соңғы үш жылда жаңа туған нәрестелерде гипертермияның 48 жағдайы тіркелді, оның 13-і 2019 жылы болды. Облыстық перинатальдық орталықтың өткен жылғы жұмыс қорытындылары, вентиляциялық жүйенің жөндеу жұмыстары және кадр мәселелеріне қатысты нақты әңгімелеп беруден ол шұғыл жұмыстары бар екенін айтып, бас тартты.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ